«Қазақ тілі» қоғамының президенті болып Берік Әбдіғалиұлы сайланды

qazaquni.kz
qazaquni.kz
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Белгілі қоғам және мемлекет қайраткері, Мәжіліс депутаты Берік Әбдіғалиұлы «Қазақ тілі» қоғамының президенті болып сайланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бүгін Түркістан қаласында Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының VI құрылтайы өтіп жатыр. Ауқымды шараға ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев, Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, сондай-ақ Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов және Парламент депутаттары қатысып жатыр.

Айта кетейік, «Қазақ тілі» қоғамы — қазақ тілін, мәдениетін, әдебиетін, тарихын оқып-үйренуге, әдет-ғұрпын, тұрмыс-салтын сақтап, оны одан әрі дамытуға ықыласты қазақ және басқа ұлт өкілдерінің басын біріктіретін ерікті ұйым.  

Бұл ұйым 1989 жылы Алматы қаласында өткен 1-құрылтайда құрылды. Онда «Қазақ тілі» қоғамының Жарғысы мен бағдарламасы қабылданып, міндеттері айқындалды. «Қазақ тілі» қоғамыда өз жұмысын ҚР Ата заңы (Конституциясы), Тіл туралы заңы, өзінің Жарғысы және халықаралық құқықтық, адамгершілік нормалар негізінде жүргізеді. Қоғамның мақсаты – қазақ тілінің республикада және одан тыс жерлерде кеңінен қолданылуына байланысты мемлекеттік, қоғамдық әр түрлі ұйымдар мен ұлттық мәдени орталықтарға, жеке азаматтарға көмек көрсету болып табылады. 

Новости партнеров