Былтыр дәл осы айда Қаракөл көлінде құс тұмауынан жүзден астам аққудың өлексесі табылған еді
Жартасты соқпақ аймағындағы кезекші полиция қызметкері қанаты жараланған аққуды тауып алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаев фейсбук парақшасына жазды. Қазір жаралы аққу 4а шағынауданындағы полиция бекетінде. Блогердің айтуынша, аққу басын қатты соғып алуы немесе жасыл нәжісіне қарағанда ауруы да мүмкін.
Былтыр дәл осы айда Қаракөл көлінде құс тұмауынан жүзден астам аққудың өлексесі табылған еді.
Редакция Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспепкциясынан жауап күтеді.