«Алматы жастары» бағдарламасына құжат қабылдау аяқталды

01.04.2021 16:05

«Алматы жастары» қалалық бағдарламасы аясында биыл 1000 пәтер беріледі

Фото: ашық дереккөзден алынды

«Алматы жастары» бағдарламасына құжат қабылдау аяқталды. Жеңілдетілген ипотекалық несиеге 9 мыңнан астам адам өтінім берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Алматы жастары» қалалық бағдарламасы аясында биыл 1000 пәтер беріледі. Сонымен қатар, жылжымайтын мүлік нарығында бағаның көтерілуіне байланысты несие сомасы 13 млн теңгеден 18 млн теңгеге дейін ұлғайды. Бағдарламаға қатысу үшін 9 741 өтінім берілді. Өтініштердің басым бөлігі білім, денсаулық сақтау, ішкі істер органдарының қызметкерлерінен түсті.

Еске салайық, «Алматы жастары 3.0» тұрғын үй бағдарламасы төмен пайыздық мөлшерлемемен 2020 жылы басталған болатын. Оған 35 жасқа дейінгі алматылықтар қатыса алады.