Ақтөбелік шекарашылар Халықаралық автобустың ішінен жарылғыш зат тауып алды

19.09.2019 17:28

Күдікті ұсталды, ол осы автобуспен келе жатқан, 1984 жылы туған азамат болып шықты

Бұл туралы  Еліміз Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне сілтеме жасап, Аlmaty.tv тілшісі хабарлады.

«РГД-5» гранатасын шекарашылар «Жайсан авто» шекара бақылау бекетінен өтіп бара жатқан Оренбург-Ақтөбе бағытындағы автобустың салонынан анықтаған. Оқиға орнына полицейлер шақыртылып, жарылғыш затты саперлер залалсыздандырылды. Комитет қызметкерлері қауіпті құралдың иесін анықтап, бірден ұстаған. Дәлел ретінде 1984 жылғы Қазақстан азаматының телефонынан дәл осы заттың суреті де табылыпты.

Теги: граната