Алматы полицейлері акция өткізіп жатыр

11.05.2022 16:07

Бұл – қағиданы жүзеге асыратын учаскелік полиция инспекторы

Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен

Алматы полициясы ел Президентінің жаңа форматтағы «Қолжетімді полиция» жұмысы туралы тапсырмасын орындау аясында кешенді шаралар қабылдап жатыр. Бұл қағиданы жүзеге асыратын учаскелік полиция инспекторлары болып табылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысы өз аумағының тұрғындарына жақынырақ, танымал, қолжетімді, азаматтарға беделді болуы тиіс және олардың құқықтарын қорғайтын учаскелік полиция қызметкеріне басты рөл жүктелетін реформалар қажет екенін атап өтті.  Біздің қаламызда ІІМ-нің бастамасымен «Сәлеметсіз бе, мен сіздің учаскелік инспекторыңызбын! Сізге қандай көмек көрсете аламын?» ақпараттық науқаны іске қосылды.  Бұл бірінші кезекте полицияны қызмет үлгісіне қайта бағыттауға және оны қолжетімді жасауға көмектеседі.  Біздің ауданда науқан азаматтар көп тұратын тұрғын үйлерді қамтиды. Әрбір учаскелік полиция қызметкері ПИК-пен және аудан тұрғындарымен чат пен мессенджерлік байланыста отырады.  Барлық сұрақтар тікелей оларға келіп түседі.  Осы тәсілдің арқасында тұрғындардан түсетін өтініштердің санын 2,5 есеге қысқарттық», – дейді Медеу аудандық Полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Дәурен Өтебаев.

Учаскелік инспекторлар полицияның көп функционалды қызметін көрсетеді. Олар құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алады.

«Олардың қызметі халықпен тікелей байланыста жүзеге асырылады. Олар өз міндеттерін орындай отырып, ішкі істер органдары туралы қоғамдық пікірді қалыптастыруға айтарлықтай әсер етеді, азаматтардың полицияға деген сенім деңгейі олардың жұмысының сапасы мен тиімділігіне тікелей байланысты.  Осыған орай, учаскелік полиция инспекторлары мен тұрғындардың күнделікті байланысына қол жеткізу шаралары жүргізіліп жатыр», деді полковник Өтебаев.