ҰҚК: 14 қазақстандық азамат лаңкестік жасады деген күдікке ілініп отыр

tengrinews.kz
tengrinews.kz
Олардың 10-ы - ер азамат, 5-і - әйел адам
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Зерттеу нұсқалары бойынша, олар Сирияда Қазақстанда тиым салынған ДАИШ ұйымының бір отрядында болған көрінеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Күдіктілерге лаңкестік әрекетке барып, оны насихаттағаны үшін, оған адам тартқаны үшін және басқа да ауыр қылмысқа барғандары үшін кінә артылды. Қылмыстық іс материалдары Нұр-Сұлтандағы мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілген.

«Ұлттық қауіпсіздік комитеті басқа да мемлекеттік органдармен және шетелдік серіктестермен «Жусан» операциясы аясында Сириядан 595 қазақстандық азаматты елге қайтарған. Олардың 400-ден астамы балалар. Елге қайтып оралған 10 ер адам мен 5 әйел адам бас бостандықтарынан айырылды. Оларға Қазақстанда тыйым салынған ДАИШ халықаралық лаңкестік ұйымының жұмысына қатысқан үшін айып тағылды», – деді ҚР ҰҚК ресми өкілі Әркен АБДУҒАЛИ.

Новости партнеров