Ойынқұмарлардың психикасы бұзылған ба

elements.envato.com
elements.envato.com
7000-нан астам адам онлайн форматта құмар ойындарға қатысудан өздерін шектеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанның Туризм және спорт министрлігі 2024 жылғы 3 сәуірде қанша азаматтың онлайн ойын ойнауға тыйым салғанын айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Айта кетейік, 18 наурыздан бастап Қазақстан Республикасының азаматтары мен тұрғындарын құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуға дербес шектеуге арналған онлайн-сервис пилоттық режимде іске қосылды.

Осы жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша "eGov mobile" мобильдік қосымшасы арқылы қызметті Қазақстанның 7 мыңнан астам азаматы мен резиденттері пайдаланды.

- Онлайн форматтағы жаңа қызмет қағаз нұсқадағы жазбаша өтінішке қарағанда өтініштерді өңдеу мерзімін едәуір қысқартады және құмар ойындарға қатысудан өзін-өзі шектеу рәсімін жеңілдетеді. Бұл барлық азаматқа, ең алдымен, құмар ойындармен шектен тыс әуестенетін тұлғаларға лицензияланған барлық ойын мекемесі мен букмекерлік кеңселердің заңды сайттарына кіруге лезде тосқауыл қоюға мүмкіндік береді, - деді Туризм және спорт министрінің орынбасары Мирас Төлебаев.

Әлеуетті өтініш берушілердің назарын құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуын өз бетінше бас тартқысы келетін тұлғалар өтінішті дербес ЭЦҚ пайдалана отырып, өздігімен беруі тиіс екеніне аударамыз. Өтінішті үшінші тұлғалар бере алмайды.

Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін Туризм және спорт министрлігі "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-мен бірлесіп егжей-тегжейлі бейне нұсқаулық әзірледі, ол "eGov mobile" мобильді қосымшасында және Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында қолжетімді болады: 

Сонымен қатар цифрлық сервиспен қатар ҚР азаматтары мен резиденттері үшін құмар ойындарға және бәс тігуге қатысудан өзін-өзі шектеу туралы жазбаша өтінішті (қағаз нысанда) ойын бизнесін ұйымдастырушылары арқылы беру мүмкіндігі сақталады.

Қағаз форматында құмар ойындарға және бәс тігуге қатысудан 3 мыңнан астам адам өздерін шектеді.

Оқи отырыңыз: Алматыда 3 сәуірде доллар қанша теңгеден сатылып жатыр

Новости партнеров