Алматы қалалық сотының апелляциялық алқасына қос тараптан да апелляциялық шағым түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Апелляциялық шағымдардың қашан қаралатыны белгісіз. Уақыты әлі белгіленген жоқ. Денис Теннің анасы Оксана Теннің шағымы 31 қаңтарда, сотталушы Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясовтың шағымдары 31 қаңтарда, ал Теннің қорғаушысы Нұрлан Өстеміровтің шағымы 1 ақпанда түсті», - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Айта кетсек, белгілі спортшы, Олимпиада жүлдегері Денис Тенді өлтірген Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясов, Жанар Толыбаева 17 қаңтарда сотталған болатын. Судья екі ер адамды 18 жылға бас бостандығынан айыру туралы, жүкті әйел Толыбаеваны 4 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.