237 араб, 780 қытай, 578 үнді жұмыстан біржола шығарылды
Теңіздегі оқиғаның нәтижесінде ССЕР компаниясы жұмыстан шеттетілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Одан басқа 237 араб, 780 қытай, 578 үнді жұмыстан біржола шығарылды.
«237 араб, 780 қытай, 578 үнді жұмыстан біржола шығарылып, орнына Қазақстан азаматтары алынатын болды. Вахталық қалашықта жезөкшелікпен айналысқан 23 қыз бен 12 жеңгетай қолға түсті. Енді олар заң алдында жауап береді», – деп жазады журналист Тоқтар Жақаш.