Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот отырысы өтіп жатыр

03.08.2022 16:10

Ол өткен жылдың желтоқсан айында қамауға алынған болатын

kznews.kz

Бүгін Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Атырау облысы әкімінің орынбасары өткен жылдың желтоқсан айында қамауға алынған болатын. Ол «құны 145 млн теңге тұратын Абай ескерткішін орнатуда, мемлекеттік сатып алу келісімшарты үшін Мәдениет басқармасының басшысы екеуі 4,5 млн теңге пара алды» деген күдікке ілінген.

Айта кетейік, сот оның 1 баласы мен қарт анасының барын ескеріп, үй қамаққа жіберген болатын. Алайда прокуратура бұл шешіммен келіспей облыстық сотқа шағым түсіріп, 8 айға темір торға тоғытты.