«Балабақшада тәрбиешінің басын жарды»: ақтаулық ата-аналар ақшаларын қайтаруын талап етуде

18.02.2019 16:10

Балабақшада оларды соңғы 10 күнде нашар тамақтандырған

sn.kz

16 ақпан күні Ақтаудағы «Айналайын» балабақшасының алдында ата-аналар жиналып, басшылықтан моральдық шығын өтеуін талап етті, деп жазады sn.kz.

Олардың сөзінше балалар жанжал болған күннен бастап, түнімен шошып оянып жүр. Балабақшада оларды соңғы 10 күнде нашар тамақтандырған.

«Балаларымызға аз тамақ берген. Басышылығы ата-аналардан тіпті, кешірім де сұраған жоқ. Балабақшаларға бейнебақылау камерасын орнатуды талап етеміз», - дейді ата-аналардың бірі Мадина Бейсембаева.

«Балалар оқиғаның қалай болғанын көрген. Моральдық шығын ретінде соңғы 8 ай бойы төлеген ақшаны кері қайтаруын талап етемін», - дейді Әлия Жаналиева.

Еске сала кетейік, өткен апта соңында Ақтаудағы «Айналайын» балабақшасының директоры тәриешінің басын жарған сәті түсірілген видео желіге тарап, үлкен шуға айналған. Кейін балабақшаның жұмысын тоқтатқаны хабарланды.