Қанша қазақстандықтың өз баспанасы бар

elements.envato.com
elements.envato.com
«Азаматтарға арналған үкімет» жылжымайтын мүлкі бар тұрғындар туралы мәлімет ұсынды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Азаматтарға арналған үкімет» баспанасы бар қазақстандықтар туралы мәліметті жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ берген ақпаратқа сәйкес, Қазақстанда 6 миллион 435 мың 175 адамның жекеменшікте бір баспанасы (пәтер немесе жеке үй) бар екенін хабарлады.

Қазақстанда 20 миллионнан астам адам тұрады. Соңғы санақ бойынша, елде 6,6 миллион бала бар.

Осылайша, елімізде жеке баспанасы жоқ қазақстандықтардың саны шамамен 6,9 миллион адам. Бұған сонымен бірге олармен бірге тұратын, бірақ мүлікке меншік құқығында үлесі жоқ меншік иелерінің жұбайлары жатады.

Елімізде барлығы 7 миллион 259 мың 231 жылжымайтын мүлікке құқық тіркелген. Олардың ішінен:

944 849 азаматта 2 жылжымайтын мүлік бар;

286 502 азаматтың 3 және одан да көп жылжымайтын мүлкі бар;

оның ішінде 10-нан астам жылжымайтын мүліктері бар 1669 азамат.

Кәмелетке толмағандардың есебінде 91 534 жылжымайтын мүлік нысаны бар екені хабарланды.

«Сонымен бірге ақпараттық жүйеде тек жылжымайтын мүлікке меншік құқығын тіркеген азаматтар туралы ақпарат қамтылғанын хабарлаймыз. Сонымен қатар жылжымайтын мүліктің заңды кадастрында «Экономикалық белсенді халық» критерийі бойынша ақпарат жоқ екенін хабарлаймыз», - деп қорытындылады компания.

Новости партнеров