Назарбаев жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты

27.12.2019 16:11

Ұшақ бортында – 95 жолаушы, 5 экипаж мүшесі болған

ҚР-ның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ҚР Тұңғыш Президентінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Алматы әуежайынан ұшып шыққан «Bek Air» әуе компаниясы ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жайлы хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Қайғыға ортақтаса отырып, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Барлық зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеймін», - делінген жеделхатта.