Ал 849 жұп шаңырақ көтерді
15 сәуір «Ғашықтар күнінде» 187 жұп ажырасып, 849 жұп шаңырақ көтерген. Бұл туралы Әділет министрлігінің баспасөз хатшысы Меруерт Амантайқызы хабарлайды.
Ғашықтар күнін ерекше мереке ретінде атап өтетін жастардың қатары көбейген.
«Бұл күнді некелесіп, жүзік алмасып, серттескен күніміз деп білетін 849 жұп отбасын құрды. Бұл көрсеткіш басқа күндермен салыстырғанда әлдеқайда жоғары», – деп хабарлайды Әділет министрлігінің баспасөз хатшысы Меруерт Амантайқызы.
Ал жұлдызы жараспаған 187 жұп бүгін ажырасып, жолдары екіге айрылған.