2023 жылы 8 652 адамға өңірлік квота белгіленді
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен қандастар мен қоныс аударушыларға 2023 жылы 8 652 адамға өңірлік квота белгіленді. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 566 адамға артық, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ведомство мәліметінше, жаңа бұйрықтың мақсаты - Үкімет айқындайтын өңірлерде қандастар мен қоныс аударушыларды оңтайлы қоныстандыру.
2023 жылғы квота мынадай:
- қандастар үшін: Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 138 адам, Қостанай облысы бойынша – 150, Абай облысы бойынша – 196, Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 239, Ақмола облысы бойынша – 270, Павлодар облысы бойынша – 932 адам;
- қоныс аударушылар үшін: Қарағанды облысы бойынша – 33 адам, Ұлытау облысы бойынша – 120, Абай облысы бойынша – 238, Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 305, Қостанай облысы бойынша – 530, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 2 660, Павлодар облысы бойынша – 2 841 адам.