|
18.01.2022 | 11:12
914

Елімізде күн сайын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына мониторинг жүргізіледі

Оның айтуынша, бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттер және үстем жағдайды теріс пайдалану белгілері бойынша 8 тексеру іс-шаралары жүргізіліп жатыр

Елімізде күн сайын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына мониторинг жүргізіледі habarlama.com

5 қаңтардан күн сайын өңірлерде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының барлық позициялары бойынша бағаларға мониторинг жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзуға жол бермеу мақсатында Агенттік тиісті жедел шаралар қабылдауда Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары нарықтарында бағаны ұстап тұру және 10%-ға дейін сауда үстемесін белгілеу бөлігінде өндірушілермен, көтерме жеткізушілермен және сауда желілерімен монополияға қарсы комплаенстің 189 актісі жасалды. Биылғы 5 қаңтардан бастап күн сайын өңірлер бөлінісінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының барлық позициялары бойынша бағаларға мониторинг жүргізіледі», – деді С. Жұманғарин. 

Оның айтуынша, бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттер және үстем жағдайды теріс пайдалану белгілері бойынша 8 тексеру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Бұл тұрғыда тауық жұмыртқасын өндірушілерге қатысты 6 тексеру, тауық еті бойынша 1 тексеру, сондай-ақ қантқа қатысты тағы бір тексеру амалдары қамтылған.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир