Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі орнады

01.03.2024 04:12

Бүгін бірқатар өңірде сағат тілі 60 минутқа кейін шегерілді

Almaty TV

«Қазақстан Республикасының аумағындағы уақытты есептеу тәртібі туралы» Үкімет қаулысына енгізілген өзгертулерге сәйкес, Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақыт 1 сағатқа артқа қойылды.

Бүгінгі күнге дейін  Қазақстанда UTC+5 және UTC+6 екі уақыт белдеуі бар. Ел аумағының көп бөлігі (батыс облыстарды қоспағанда) UTC+6 аймағында орналасқан.

Қазақстанда біртұтас уақыт белдеуін енгізуді уақытты есептеу мәселесі жөніндегі жұмыс тобына кірген қазақстандық ғалымдар мен сарапшылар ұсынған болатын.

Оқи отырыңыз: Бірыңғай уақыт белдеуіне көшу: қазақстандықтар нені білуі керек