«Қызмет деп жүріп отбасы да құрмадым»: сотталарының алдында министрлік қызметкері өкінішін білдірді

Әлеуметтік желіде белсенділігімен танылған министрлік өкілі Асланбек Жақыпов енді өмір бойы мемлекеттік органдарда, ұлттық компанияларда, банктерде қызмет ете алмайтын болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ұлттық экономика министрлігің қызметкері Асланбек Жақыпов үш жылға бас бостандығынан айырылды. Есіл аудандық соты Министрлік департаментінің басшысына қызмет бабын пайдаланып алаяқтық жасағаны үшін үкім шығарды, деп хабарлайды SN.kz.

Әлеуметтік желіде белсенділігімен танылған ол енді өмір бойы мемлекеттік органдарда, ұлттық компанияларда, банктерде қызмет ете алмайтын болды. Жас шенеунік кінәсін мойындап, өкініш білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, министрлік қызметкері Жақыпов сәуір айында 500 теңге мөлшерінде пара алғаны үшін ұсталған болатын.

Тілшілерге берген сұхбатында Жақыпов осындай қызметке дейін жоғарылаған кезде қателесемін деп ойламағанын жеткізді.

«Мемлекетке қызмет еттім, бар күшімді жұмысқа арнадым. Тіпті, отбасы құруға уақыт бөлмедім» деген шенеунік биыл жазда шаңырақ көтергісі келгенін де жасырмады.


Новости партнеров