Дәрігер музыканы құлаққаппен көп тыңдау аса қауіпті екенін айтты

19.11.2021 16:13

Егер құлаққап құлаққа тым терең орналастырылса, құлақ жарғағын зақымдау қаупі бар

© Photo : Unsplash/Kreeson Naraidoo

Музыканы құлаққаппен күніне жарты сағаттан көп тыңдаса, есту қабілеті нашарлайды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik сайтына сілтеме жасап. 

Адамның есту аппараты 80-85 децибел дыбыс қабылдай алады. Ал құлаққаптағы дыбыс қарқындылығы 110 децибелге жетуі мүмкін. Ал бұл мотоцикл немесе рок-концерт шуымен тең деді "Газете.Ru" басылымына сұхбат берген медициналық сарапшы Полина Козлова.

Дәрігердің айтуынша, мұндай дыбыстар есту аппаратынан миға импульс жіберетін жасушаларды зақымдайды.

Егер құлаққап құлаққа тым терең орналастырылса, құлақ жарғағын зақымдау қаупі бар. Сондай-ақ күкірт тығындары пайда болуы мүмкін.

Мұндай жағдайда құрылғыны алмастыру керек деп кеңес берді маман.

Теги: ән