Елімізде кезекші ХҚКО-лар жұмысын қайта бастады

11.04.2022 в 16:33

6 сәуірден бастап облыс орталықтарындағы бөлімшелердің бірі 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді

Елдегі шектеу шараларының алынуына және эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы кезекші ХҚКО-лардың жұмысын қайта жандандырады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

6 сәуірден бастап облыс орталықтарындағы бөлімшелердің бірі 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Басқа бөлімдер жұмысын әдеттегі кесте бойынша дс-жм аралығында 9:00-ден 18:00-ге дейін жалғастырады. 

Кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтарының тізімі мен мекенжайы: