Перзентханада сегіз бірдей қызметкердің аяғы ауыр болып қалды
sputniknews.kz
Әйелдер бірінен соң бірі жүкті болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Американың Нью-Лондон қаласындағы ауруханада бірден сегіз қызметкердің аяғы ауыр болды, деп хабарлайды News 8 WTNH.
"Перзентханада нәрестелерді көрген кезде өзіңнің де сәби сүйгің келеді. Бұл өте керемет", - деді перзентхана бөлімінің қызметкері Лорен Лэри.
Ол өзінің қарамағындағы әйелдердің бірінен соң бірі жүкті болғанын айтты. Бәрі декреттік демалысқа бір уақытта кетпек.
Олардың алтауы - медбике, екеуі – акушер. Бұл небәрі 44 қызметкері бар штат үшін рекорд. Үш әйел ұл, үшеуі қыз болады деп отыр. Ал қалған екеуі әлі белгісіз.
Мекеме қызметкерлері қандай да бір сұрақ туындаса, дәрігерлерден көмек сұрау қиын емес екенін жеткізді. Жыл сайын бұл перзентханада екі мыңнан астам сәби дүниеге келеді екен.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
27.09.2026 13:00
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
28.09.2026 09:58
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрін қызметінен босатты
27.09.2026 09:01
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
27.09.2026 15:42