Өрттің себебі анықталуда
Алматыда құтқарушылар кәуәп дайындайтын үй-жайдағы өртті сөндірді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін таңертең Бостандық ауданында мейрамхана аумағында 30 ш.м. алаңда жеке тұрған кәуәп дайындайтын үй-жайда өрт орын алды.
ТЖМ күштерімен жақын орналасқан объектілерге өрттің таралу қаупі қысқа мерзімде жойылды. От шақырту түскен сәттен бастап 17 минут ішінде сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.
Оқи отырыңыз:Алматыда кафе өртеніп кетті