800-ден астам видеокамера қылмысты жасыру үшін қиратылды - Берік Асылов

14.03.2022 16:14
Bnews.kz

Қаңтар оқиғасы кезінде тәртіпсіздікке қатысқандар Алматыда және басқа да ірі қалаларда қылмысты жасыру үшін 800-ден астам видеокамераны қиратты. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Бас прокуроры Берік Асылов мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Алматыда және басқа да ірі қалаларда қылмысты жасыру үшін 800-ден астам видеокамераны қиратқан. Басып алынған қаруды, азық-түлікті және ауыз суды, жеткізу ұйымдастырылған. Такси, жүк көліктері мен автобустардың жүргізушілерін көшені жауып тастауға мәжбүрледі. Сонымен қатар бейбіт азаматтарды «тірі қалқан» ретінде пайдаланған», - деді Берік Асылов.