Елімізде тағы екі жаңа мереке пайда болды

21.08.2024 16:14

Қаулы 2024 жылғы 21 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді

elements.envato.com

Үкімет 2024 жылғы 16 тамыздағы қаулысымен елдегі мереке күндерінің тізбесіне өзгеріс енгізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Тізімге қосылды:

Ұлттық баспасөз күні - 2 ақпан;

Радио күні - 1 қазан.

Қаулы 2024 жылғы 21 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді.

Бұған дейін 23 сәуірде атап өтілетін ұлттық кітап күні бекітілген еді.

Теги: мереке