Алматы полициясы заңсыз айналымнан қару тәркілеуге кірісті

vologda.kp.ru
vologda.kp.ru
Бірінші күні 1000-ға жуық қару иесі тексерілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Полиция департаменті 10-14 шілде аралығында «Қару» жедел профилактикалық операциясын бастады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бұл шараны өткізудегі мақсат  оперативті ахуалды сауықтыру, қару қолданылатын қылмыстың алдын алу. Тәжірибеге сүйенсек, мұндай профилактикалық шаралар қаладағы криминалды ахуалды жеңілдетуге мұрша береді. Инспекторлар жарылғыш зат, оқ-дәрі сақтауы мүмкін деген күдіктілерді тексеріп жатыр. Бұл шара бізге тіркелмеген қаруды заңсыз айналымнан тәркілеуге мүмкіндік береді»,  деді қалалық Полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос Мұраталиев.  

Профилактикалық шара кезінде азаматтық қару ұстаған жеке кәсіпкерлердің жұмысы да тексерілді. Күзет орындарының қару сақтайтын арнайы бөлмесі болуы шарт. Егер олай болмаса, кәсіпкерлер жауапкершілікке тартылады. Бірінші күні 1000-ға жуық қару иесі тексерілді.

Новости партнеров