«Акселератор добра: Izgilik elshisi» РҚБ және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

13.03.2020 16:15

Құқықтық кеңес беру Алматы қаласы ЖОО заң мамандығындағы студенттері мен «Адал көмек» және «Әділ көмек» бірлесе жүзеге асырылады

Госкорпорация "правительство для граждан" по Алматы

12 наурыз күні «Акселератор добра: Izgilik elshisi» РҚБ және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Алматы қаласы бойынша Филиалы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандумның негізгі мақсаты жеке және заңды тұлғалардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау аясындағы Тараптар арасындағы ынтымақтастықты орнату, бірлескен және келісілген әрекеттерді жүзеге асыру болып табылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Меморандумға қол қою рәсіміне «Акселератор добра: Izgilik elshisi» РҚБ жетекшісі Айнұр Сәбитова мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Алматы қаласы бойынша Филиалы директоры Данияр Қырықбаев қатысты.

Меморандум аясында Тараптармен мұқтаж адамдарға заңгерлік көмек көрсету түрінде волонтерлік қызмет көрсету, қазақстандық қоғамда парасаттылықты, сондай-ақ адамгершілікті, мейірімділікті дамыту,  қайырымдылыққа тәрбиелеу бағытында ынтымақтастықты орнату жоспаралануда. Тегін заңгерлік кеңес беру үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Алматы қаласы бойынша Филиалы тарапынан Алматы қаласының мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының аумағында арнайы орындар беріледі.

Құқықтық кеңес беру Алматы қаласы ЖОО заң мамандығындағы студенттері мен «Адал көмек» және «Әділ көмек» бірлесе жүзеге асырылады.