«Алматы» телеарнасы «DiNaZaur» комедиялық сериалын 3-маусымын көрермен назарына ұсынады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Достықтың қадірін білетін, жүрек үніне құлақ асып, шындық жолында күресе білетін адал үш құрбының басынан кешкен оқиғалары жаңа маусымда жаңаша түрленеді.
Телехикаядағы Динара, Назым және Зәуре – нағыз достар. Олар бала кезден бірге өскен. Ер балалар оларды «DiNaZaur» деп мазақтайтын. Бір күні үш құрбы мұны тоқтатуға шешім қабылдап, бұзақыны жазалайды. Содан кейін Зәуре, Назым мен Динара бір-біріне ешқашан ренжімейтінін айтып, серттеседі. Осы жылдар ішінде қыздардың достығы нығая түседі. Телехикаядағы сюжет желісі осылай басталады.
Динара – тұрмыстағы келіншек, үш баласы бар. Күнделікті күйбең тіршілік пен үй шаруасынан өзіне көңіл бөлетін уақыты жоқ. Өміріндегі қиындықтарға қарамастан, ол өміріне шағымданбайды, керісінше бақытты. Өйткені өмірдегі ең қымбат дүние отбасы деп түсінеді.
Назым – ұлы бар жалғысбасты ана. Ерлер қауымынан көңілі қалған. Ресторатор қызметін атқарады.
Зәуренің – арманы «ақ боз атты ханзаданы» кездестіргісі келеді.
Бұл - «DiNaZaur» телехикаясы нақты өмірге негізделген қарым-қатынас, отбасылық құндылық, тәрбие және шынайы әйелдер достығы туралы әңгімелейді.
Айта кетейік, шытырман оқиғаға толы үш құрбы жайында «DiNaZaur» телехикаясы 13 қыркүйектен бастап сағат 20.40-та «Алматы» арнасының эфирінен көрсетіледі.