Риддер қаласының әкімі қайтыс болды
facebook.com/Дмитрий Горьковой
Дмитрий Горьковой ауруханада көз жұмды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының әкімі Дмитрий Горьковой қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Дмитрий Анатольевич 1983 жылы 6 қазанда Шемонаиха қаласында дүниеге келген. С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетін «құқықтану» мамандығы бойынша және Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетін «қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2007 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде бастады.
2015-2020 жылдар аралығында Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Риддер қаласының әкімі лауазымына 2020 жылдың қыркүйек айында тағайындалған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
31.10.2026 14:34
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
31.10.2026 09:50
Суық тигенде қандай қателіктерге жол бермеу керек
31.10.2026 10:36
Жалақы уақытында берілмесе қайда шағымдану керек
30.10.2026 20:31