18 жастағы хоккейші қайтыс болды

03.02.2020 16:16

Вилен Прокофьевте қатерлі ісік – Юинг саркомасы анықталған болатын.

hcbarys.kz

Жас қақпашы ауыр сырқатқа шалдыққан болатын. "Барыс" хоккей клубы қараша айында қайырымдылық акция өткізіп, қаражат жинады деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

Астаналық "Снежные барсы" хоккей клубының ойыншысы Вилен Прокофьев көз жұмды. Бұл туралы клубтың Twitter-дегі ресми аккаунтында жарияланды.

Бұған дейін 18 жастағы қақпашы Вилен Прокофьевте қатерлі ісік – Юинг саркомасы анықталған болатын. Оған өте қымбат емдеу қажет болған.

"Біз Виленнің жақындарына, достарына және оны таныған адамдарға көңіл айтамыз. Оны қолдағандарға алғыс білдіреміз", - деп жазды "Барыс" хоккей клубы.

"Барыс" хоккей клубы қараша айында қайырымдылық акция өткізіп,  Вилен Прокофьевтің еміне қаражат жинаған болатын.

Теги: умер