Еліміздің 9 облысында көлік қозғалысына шектеулер енгізілді

17.02.2024 16:16

Республикалық маңыздағы автожолдарды күтіп ұстауға 336 арнайы техника мен 539 қызметкер жұмылдырылды

Almaty.tv

17 ақпан, сағат 10:00-дегі жағдайға сәйкес, ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің 8 өңіріндегі, 15 тас жолында көлік қозғалысына шектеулер енгізілді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі "ҚазАвтоЖол" баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Абай облысында (қалың қар, бұрқасын мен шектеулі көрініс) жалпы ұзындығы 411 шақырымды құрайтын 2 автомобиль жолында

1. "Омбы-Майқапшағай" - Қалбатау ауданы - Боғас ауданы.

2. "Қарағанды-Аягөз-Боғас" - Аягөз қаласы - Боғас ауданы.

Алматы облысында (қар, ауа температурасының төмендеуі) жалпы ұзындығы 99 шақырым болатын 2 автомобиль жолында:

1. "Алматау турбазасына кіреберіс аймақ";

2. "Алматы-Ташкент-Термез" - Жаңақұрылыс-Жамбыл обл.шекарасы

Шығыс Қазақстан облысында (қар, бұрқасын, шектеулі көрініс, қар көшкіні қаупі) жалпы ұзындығы 589 шақырымды құрайтын 4 автомобиль жолында:

1. "Өскемен-Риддер-РФ шекарасы" Белоусовка кенті - Риддер қаласы.

2. ⁠ "Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Қатон-Қарағай-Рахман қайнарлары"

3. "Омбы-Майқапшағай" - Абай обл.шекарасы-Зайсан қаласы - Үлкен Қаратал ауданы - ҚХР шекарасы

4. ⁠ "Омбы-Майқапшағай-Қалжыр-Марқакөл" Дайыр ауданы - Марқакөл ауданы.

Жамбыл облысында (қалың қар, бұрқасын мен шектеулі көрініс) жалпы ұзындығы 174 шақырымды құрайтын 1 автомобиль жолында

1. "Алматы-Ташкент-Термез" Алматы обл.шекарасы - Қайнар ауданы, Кенен .

Қозғалыс балама жол – ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады.

Жетісу облысында (қалың қар, бұрқасын мен шектеулі көрініс) жалпы ұзындығы 123 шақырымды құрайтын 2 автомобиль жолында

1. "Үшарал-Достық" Көктума бекеті - Достық бекеті.

2. ⁠ "Сарыөзек-Көктал" Алтын Емел асуы

Қостанай облысында (Ұлытау облысында ауа-райының нашарлауына байланысты) жалпы ұзындығы 83 шақырымды құрайтын 1 автомобиль жолында

1. "Жезқазған-Петропавл" Ұлытау обл.шекарасы-Арқалық қаласы.

Солтүстік Қазақстан облысында (жел, бұрқасын, шектеулі көрініс) жалпы ұзындығы 230 шақырымды құрайтын 2 автомобиль жолында

1. "Булаево-Возвышенка-Мологвардейское-Кирово-Қиялы-Рощинское" Возвышенка ауданы - Рощинское ауданы.

2. ⁠ "Көкшетау-Кішкенекөл-Бидайық-РФ шекарасы (Омбы)" Кішкене көл-РФ шекарасы

Ұлытау облысында (жел, бұрқасын, шектеулі көрініс) жалпы ұзындығы 115 шақырымды құрайтын 1 автомобиль жолында

1. "Жезқазған-Петропавл" Ұлытау к.-Қостанай обл.шекарасы

Қазір республикалық маңыздағы автожолдарды күтіп ұстауға 336 арнайы техника мен 539 қызметкер жұмылдырылды

Оқи отырыңыз:  Алматыда уақытша бірнеше көше жабылады