Атырауда ит айдалаға тастап кеткен иесін бір апта күткен

13.08.2019 16:45

Ас-сусыз бір апта болған иттің әбден әлі құрып, үруге шамасы жетпей қалған

mgorod.kz

Атырауда алабай тұқымды ит өзін тастап кеткен иесін бір апта күткен. Оны қала тұрғыны құтқарып қалды, деп жазады stan.kz.

Атырау тұрғыны Виктория ит жайлы әлеуметтік желіде естіп, жапан далаға іздеп барады. Ас-сусыз бір апта болған иттің әбден әлі құрып, үруге шамасы жетпей қалған.

«Жақын жерде дүкен бар екен. Бірақ ешкім итті тамақтандырмаған. Мұны иесі әдейі айдалаға тастап кеткенге ұсқайды. Итті ақша үшін асырап, күшіктерін сатумен айланысқан болуы керек. Кейін керек қылмай далаға апарып тастаған», - деді Виктория.

Ол алабайды мамандарға тексертіп, тамақтандырды.

«Итті күшік туу үшін пайдаланған. Қансырап әбден ауыр халге жеткен. УДТ-ға түсіріп, емдеу керек. Оның бәрін жасаған соң жаңа иесін табу үшін еріктілерге берем», - деді қайырымды жан.