Оны көрген куәгерлер 112 нөміріне жүгінді
Оралда құтқарушылар волейбол торына оралып, өліп қала жаздаған қаңғыбас итті құтқарды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оралда ТЖМ құтқарушылары итті волейбол торынан босатуға барды.
"Ойын алаңдарының біріндегі үйсіз ит торға оралып қалған. Оны көрген куәгерлер 112 нөміріне жүгінді", - делінген хабарламада.
Төтенше жағдай министрлігінің мамандары пышақтың көмегімен торды кесіп, төртаяқтыны босатты. Жұмыс кезінде жануар зардап шеккен жоқ.
Оқи отырыңыз: ШҚО-дағы шенеуніктер қолдан төтенше жағдай орнатып, 1,4 млрд теңге жымқырған