Ал үш қыз Шымкент қалалық «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына» орналастырылды
11 сәуірден бері бізде емделіп жатқан апалы-сіңлілі үш жасөспірім ауруханадан шықты, деп хабарлайды Оtyrar.kz.
Жетісай ауданының Кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқығын қорғау жөніндегі комиссияның 2019 жылғы 18 сәуірдегі шешімімен 2019 жылғы 20 сәуірде апалы-сіңлілі үш жасөспірім Шымкент қалалық Отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне орналастырылды.
Ал келіншектің бір жарым жасар баласы Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының «Мамандандырылған бөбектер үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне орналастырылды. Өзі жүктілігіне (30 апталық) байланысты сот шешімімен үй қамауына алынды. Тергеу шаралары жүріп жатыр. Жасөспірімдер ұдайы психологтардың бақылауында.
Айта кетейік, 28 жастағы әйелге 2003, 2005 және 2007 жылғы қыздарды қорлады деген айып тағылған. Оған келіншектің қыздарды қанша рет және қалай жазалағаны туралы тізіп жазып отырған күнделігі дәлел болған. Туысы Эльвира Қойымбетованың айтуынша, қыздардың туған шешесі оларды бес жыл бұрын тастап кеткен, содан бері олар анасын көрмеген.