Белгілі жазушы Әкім Тарази «Қазақстанның Еңбек Ері» атанды

13.12.2021 в 16:19

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы қаулыға қол қойды

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы қаулыға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.    

1. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері үшін:  

жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз тапсырылсын:

Әшімов Әкім Ұртайұлы – жазушы, Нұр-Сұлтан қаласы.

2. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудағы және өндірістік қызметтегі аса үздік жетістіктері үшін:  

жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын:  

Төлетаев Мұхтар Есенжанұлы – «Онкология орталығы» МКК бас дәрігері, Нұр-Сұлтан қаласы

Хмелев Александр Леонидович – «Казцинк» ЖШС бас директоры, Шығыс Қазақстан облысы.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.      


Қазақстан Республикасының  Президенті                                   Қ.Тоқаев



Теги: жазушы