Павлодар облысындағы Ақсу қаласының жылу желісінің құдығында өмір сүрген Айнұр есімді әйел Ақтаудан келген анасымен кездесті, деп хабарлайды tengrinews.kz Лада-ға сілтеме жасап. Олардың табысуына қарапайым адамдар себепші болған.
Әлеуметтік желі қолданушылары YouTube желісіндегі «Культурный 14 РЕГИОН» каналында жарияланған видеодан соң Айнұрдың тағдырына алаңдай бастаған. Әйел Ақтау қаласының тұрғыны екенін айтқан. Бірнеше жыл бұрын ол Ақсу қаласына көшіп, сонда тұрмысқа шыққан. Алайда түсініксіз себептермен оны күйеуі үйінен қуып шыққан. Содан бері ол көшеде тұруға мәжбүр.
Видео авторлары оның ата-анасымен байланысып, қызының қандай жағдайда өмір сүріп жатқанын баяндап берген.
«Ана, көмектесші, мен далада қалдым», - дейді Айнұр.
Видео жарияланғаннан кейін үйсіз әйелді Ақсу қаласының полиция қызметкерлері іздей бастаған.
Енді Айнұр анасымен үйіне қайтты. Еріктілер әйелге билет алып беріп, анасы мен қызын шығарып салды.