Енесі мен келінің не үшін дауласып қалғаны белгісіз
Өскеменде 45 жастағы әйел туған келінін пышақтап тастаған. Мұндай сұмдық жағдай отбасылық жанжалдың салдарынан болған, деп хабарлайды Аltaynews.kz.
Енесі мен келінің не үшін дауласып қалғаны белгісіз.
Дау барысында келіні енесіне ауыр сөздер айтып, балағаттаған. Соның салдарынан енесі келінінің ішіне екі рет, иығына бір рет пышақ тығып алған.
Артынша келіні жедел жәрдемге хабарласып, көмек сұраған. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем бригадасы әйелдің өмірін аман алып қалды.
Оқиғаға қатысты іс қозғалып, сотқа жеткен. Іс №2 қалалық сотта қаралды. Тергеу амалдары кезінде 45 жастағы әйел өз әрекеті үшін өкінетінін айтқан. Жәбірленуші де шағымы жоқ екенін айтып, енесін темір тордың арғы жағына жібермеуді сұраған.
Сот осы жағдайларды ескеріп, әйелді 3 жылға бас бостандығынан айырды.
Әзірге сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.