WhatsApp тағы бір функциясын жойды

23.04.2022 в 16:31

Енді кейбір медиа файлдарды сақтау мүмкін емес

Whatsapp жаңартуы жоғалып кететін хабарламада келетін медианың жойылуына байланысты.

Хабарламалардың жойылу функциясы былтыр жазда енгізілген еді. Ол қолданушылар арасында сұранысқа ие болды. Алайда оның бір кемшілігі байқалды. Жоғалған хабарламамен бірге жіберілген медиа файлдар смартфон галереясында сақталып қалатын, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik сайтына сілтеме жасап.

Енді мұндай медиа файлдарды сақтау мүмкін емес. Тиісті жаңарту 22 сәуірде шықты. Ресми түрде, Whatsapp әзірлеушілері мұны әлі растаған жоқ, бірақ өзгеріс күшіне енді