"Бурдж Халифа" зәулім ғимараты Қазақстан туымен безендірілді

17.12.2022 в 16:21

Оның видеосы "Бурдж Халифаның" Instagram желісіндегі ресми парақшасында жарияланды

Әлемдегі ең биік ғимарат саналатын, Біріккен Араб Әмірліктеріндегі 828 метрлік "Дубай мұнарасы" - "Бурдж-Халифа" Қазақстан туының бейнесімен безендірілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақтың көк байрағын бейнелеу - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен ерекше құттықтауы. Оның видеосы "Бурдж Халифаның" Instagram желісіндегі ресми парақшасында жарияланды. Музыкалық сүйемелдеу ретінде Қазақстанның әнұраны таңдалды.

"Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай "Бурдж-Халифаның" алауын жағып жатырмыз. Оларға амандық пен бейбітшілік тілейміз", - делінген видеоның сипаттамасында.