Нәрестелер мен аналарының жағдайы жақсы
Маңғыстауда жаңа жыл қарсаңында 12 сәби дүниеге келді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Маңғыстау облыстық «Ана мен бала» орталығында 8 сәби дүниеге келді. Оның бесеуі ұл, үшеуі қыз бала. Ал Маңғыстау облыстық көпбейінді аурухананың перинаталдық орталығында 3 қыз бала, 1 ұл бала туылды.
Мамандардың айтуынша жаңа жыл қарсаңында туған нәрестелер мен аналарының жағдайы жақсы.
Айта кетейік, Маңғыстау облысы бала туу көрсеткіші бойынша республикада алдыңғы қатарда.
Дереккөз: Kazinform