Шектеулер қазандықтардағы су жылыту жабдықтарын жөндеу жұмыстарына байланысты енгізіліген
Алматының Түрксіб ауданында орналасқан бірнеше көшеде ыстық су беру уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Алматы жылу желілері» ЖШС хабарлауынша, 2021 жылдың 12-16 шілде аралығында Түрксіб ауданында орналасқан бірнеше үй мен ғимаратта ыстық су тоқтатылады.
Ыстық су мына көшелерде болмайды:
- Хмельницкий – Куйбышев – Бакинский – Староэлеваторская;
- Папанина – Ереванская – Стальского – Сүйінбай;
- Кассина – Жұмабаев – Бехтерева – Шереметьева.
Компанияның мәліметінше, шектеулер қазандықтардағы су жылыту жабдықтарын жөндеу жұмыстарына байланысты енгізіліген.