Наурыз айынан бастап, 1 текше метріне көрсетілген қызмет 8 теңгеге көтерілуі ықтимал
Коммуналшылардың айтуынша, келесі жылдың наурыз айынан бастап, 1 текше метріне көрсетілген қызмет 8 теңгеге көтерілуі ықтимал, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Алматы су» мекемесі тарифтің бағасын көтеруін, қаладағы кәріз жүйесінің 60 пайызының ескіргенімен байланыстырып отыр. Оған қоса, компания қызметкерлерінің жалақысын осындай жолмен көтеруді көздеп отыр екен. Бір отбасының ай сайынғы төлемі шамамен 120-130 теңгені құрауы мүмкін.