Жемқорлық туралы хабарлаған жеті адам 1,5 млн теңге сыйақы алды

29.07.2020 16:22

Бұл ретте жазаланғандар арасында – 16 басшы қызметіндегі тұлғалар болды

inbusiness.kz

Биыл Ақмола облысында жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін 7 тұлғалар ынталандырылды. Оларға 1 161 520 теңге сыйақы берілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Облыста осы жарты жылдықта 49 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, олардың 7 жұмыстан босатылды. Жартысынан көбі сөгіс пен ескерту алды (35 адам), сондай-ақ 7 адамға қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескертілді. Бұл ретте жазаланғандар арасында – 16 басшы қызметіндегі тұлғалар болды. 

Сондай-ақ жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін өңірлік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 1 161 520 теңге сомасына 7 тұлғалар ынталандырды. Бұл көрсеткіш іс жүзінде өткен жылдың 12 айы нәтижелеріне тең және сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыруға азаматтардың үлкен белсенділігінің көрінісі болып табылады.