ШҚО-да 10 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

elements.envato.com
elements.envato.com
Оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізілуде
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданында 10 күн бұрын жоғалып кеткен 7 жастағы баланың денесі өзеннен табылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

7 жастағы ұл 23 шілде күні сағат 09.00 шамасында үйінен серуендеуге шығып, сол күйі қайтып оралмаған.

Куәгерлер баланың «Самал» саябағының жағажайына шомылу үшін келгенін көргенін айтты. Баланың киімдері мен аяқ киімдері жағадан табылған. Содан соң барлығы 100-ге жуық адам баланы жағалау бойымен және қайықпен іздеуге көшті.

2 тамызда Шемонаиха ауданы Барашки ауылының маңындағы Ертіс өзенінен жоғалған баланың денесі көзге көрінбейтін дене жарақатынсыз табылды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз:Атырауда тағы да екі жеткіншек суға кетті

Новости партнеров