Түркістан облысында алты секс-притон әшкере болды

24.09.2019 16:22

Полицейлер жеңгетайлықпен айналысқан 5 адамды және жеңіл жүрісті 12 қызды тіркеуге алды

Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметінен Түркістан облысында алты жеңгетайлық дерегі анықталды, деп хабарлайды Otyrar.kz өңірлік ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Полицейлер жеңгетайлар мен притондар жұмысын ұйымдастырушыларды қонақүй, сауна және моншаларды тексеру кезінде анықтады. Сондай-ақ, құқық қорғау органдары интернет-сайттарды тексерді.  Осылайша, притон ұйымдастыру күдігімін Сарыағаш қаласының тұрғыны ұсталды.

Жергілікті қонақүй әкімшісі жеңгетайлықпен айналысқан, ол келушілерге қосымша ақы үшін осындай қызмет түрін ұсынатын болған. Ұсталған адамнан ақша мен басқа да заттай деректер тәркіленді.  Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабы ("Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық") бойынша іс қозғалды. Полицейлер жеңгетайлықпен айналысқан 5 адамды және жеңіл жүрісті 12 қызды тіркеуге алды.