Қазіргі уақытта дәрігерлердің орташа жалақысы 240 мың теңге
Қазақстандық дәрігерлердің жалақысы жарты миллионға дейін өсуі мүмкін. Денсаулық сақтау министрлігі осылай жоспарлауда. Kapital порталының жазуынша, 2025 жылдан бастап медицина қызметкерлері 500-550 мың теңге жалақы ала бастайды, деп хабарлайды Stan.kz.
ҚР-ның Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мемлекет бойынша алатын жалақы көлемі мен дәрігерлердің айлығын және медициналық қызметтің құнын есептегенде осы сан шығатынын айтады. Министр дәрігерлердің жұмысын мемлекеттік қызметкерлердің жұмыспен салыстыруға келмейтінін байқаған. Өйткені кәсіби дәрігер болып шығу үшін он жылға дейін уақыт кетеді. Қазіргі уақытта дәрігерлердің алатын орташа жалақысы 240 мың теңге.
«Бұл ортаңғы емес, орташа жалақы көрсеткіші. Ал негізгі алатын айлық 120-140 мың теңге. Оның өзінде де іс-тәжірбиесіне қарай өседі. Бірақ мемлекеттік бағдарлама бойынша дәрігерлердің жалақысы 2,5 есе жоғары болуы керектігі көрсетілген. Соған қарай жылжуымыз керек», – дейді Елжан Біртанов.