|
22.05.2019 | 11:23
2283

Қазақстан Қарулы Күштерінің қатарына афроамерикалық азамат қабылданды

Жалпы бүгін 45 азамат әскерге шақырылған

Қазақстан Қарулы Күштерінің қатарына афроамерикалық азамат қабылданды

Бүгін әскери борышын өтеуге аттанған Майкл Мкпо Алматыда дүниеге келген. Оқуын да осында тәмамдаған. Ал әкесі   Нигерия азаматы екен, деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы. 

Алматыда дүниеге келген Майкл аздап қазақша сөйлейді, нағашылары қазақ екен. Осында туып-өскен ол әскерге шақырту келгенде бірден қабыл алғанын жеткізді. Өйткені, Отан алдындағы борышын өтеу кез-келген азаматтың қасиетті борышы деп біледі. Әскери комиссариатқа келіп, форма кигенде барлығы таңырқағанын айтады.  

«Шын мәнінде барлығы таңырқауда. Өзіммен бірге әскер қатарына шақырылғандардан бастап, сардарларға дейін таңданыстарын жасырмауда. Африкалық жігіттің әскери борышын өтеуге барады деп ешкім күтпеген ғой», – дейді Майкл Мкпо.

Майклдың анасы мен әкесі Алматыда танысыпты. Отбасын құрғандарына 20 жылдан асқан. Араларында Майкл мен Милана есімді қыздары бар. Галина күйеуінің отаны Нигерияға барып, біраз жыл тұрғандарын айтады. Бірақ, Қазақстанға жетпейтінін айтады.  

«Мен балама ақ жол тілеймін. Аман-есен барып келсін»,   дейді сарбаздың анасы Галина Мкпо-Семенова.

Майклды әскерге шығарып салуға нағашылары да келіпті. Галинаның шешесі қазақ, әкесі орыс екен. Алматы облысынан келген туған-туыстары ақ тілектерін жауырды.  

«Майкл аман-есен мемлекет алдындағы борышыңды өтеп келуіңе тілектеспін! Үлкен ер азамат болып, еліміздің біртуар үлкен азаматы бол!»,  дейді оның нағашы әпкесі Ардақ Жақанбаева.

Жалпы бүгін 45 азамат әскерге шақырылған. Олар Алматы облысында Әскери әуе күштері қатарында Отан алдындағы борыштарын өтейтін болады. Ал, солардың бірі - Майкл ел сенімін ақтап, сенім үдесінен шығуға барымды саламын дейді.  


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир