Түнде итті еш себепсіз бір тепкен ер адам құлап түсіп, басын ұрып алды
Мас адамның әрекеті әлеуметтік желі қолданушыларын күлдірді, деп хабарлайды sputniknews.kz порталы The Daily Mail ақпараттық басылымына сілтеме жасап.
Оқиға Ресейдің Свердлов облысындағы Ревда қаласында болған. Ер адам түнде жарық көшеде келе жатып, еш себепсіз итті бір тебеді. Алайда құлап түсіп, басын жанында тұрған көлікке ұрып алған.
Әлеуметтік желі қолданушылары епсіз қанаушыны күлкі қылды.
«Мен автокөліктің иесі келіп, оның тағы сазайын береді деп ойладым», — деп жазды қолданушылардың бірі.
«Басын ақырын ұрып алғаны өкінішті, көлік қожайыны тұмсығын бұзып, ал ит талап тастау керек еді», — деп жазды Марыня Добрыня.
Қалғандары мас адам лайықты жазасын алды деген пікір білдірді.