Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова әйелдер қозғалысы өкілдерімен зейнет жасын 58 жасқа төмендету мәселесі бойынша кездесу өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Министр белсенділердің ұсыныстарын арнайы жұмыс тобы жан-жақты зерттегенін, сондай-ақ зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін жетілдіру бойынша ұсынылатын тәсілдер туралы айтты.
Тамара Дүйсенованың мәліметінше, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұсыныстарды зерделеу кезінде мынадай факторлар ескерілді:
1998 жылғы 1 қаңтарға дейін, яғни жинақтаушы жүйе енгізілгенге дейін жинақталған еңбек өтілі үшін алынатын ынтымақты зейнетақы жүйесі мөлшерінің кемуі;
экономиканың түрлі секторларындағы жасы 50-ден асқан әйелдердің табыс деңгейі;
әйелдердің зейнеткерлік демалысқа ерте шыққан кездегі зейнетақыларының болжамды мөлшері, олардың табыстары және жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі.
Министр еңбек өтілі жоқ және бүгінде жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатыспайтын қазақстандықтар үшін 50+ жасында зейнетке ерте шығу лайықты төлемдерді қамтамасыз етпейтінін де атап өтті.
Алайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес, азаматтарға зейнетке ерте шығу құқығы беріледі. Осылайша зейнетақы қорында жинағы 55 жасқа (ерлер) және 52,5 жасқа (әйелдер) толғанда жеткілікті болған кезде қазақстандықтар зейнетақы аннуитетін рәсімдей алады.
Тамара Дүйсенова қозғалыс белсенділеріне азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз етуді жетілдіру мақсатында министрлік әзірлеген жаңа тәсілдер жөнінде де айтты.
"Біз, біріншіден, базалық және ынтымақты зейнетақы тағайындау кезінде параметрлерді өзгерту туралы бастама көтердік. Қазір біздің ұсыныстарымыз басқа да мүдделі мемлекеттік органдарда қаралады. Егер қолдау тапса - бұл келесі жылдан бастап бюджеттен төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Жұмыс істеп жүрген және болашақта құрметті демалысқа шығатын зейнеткерлер де оң әсерін тигізеді", - деді Тамара Дүйсенова.
Екіншіден, "Күміс жас" жобасының тетіктерін зейнет жасына дейінгі әйелдердің жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету үшін қайта қарастырылады.
"Біз жобаға қатысу мерзімін 3 жылға дейін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз және әйелдерді жұмысқа орналастыру үшін бюджет қаражаты есебінен олардың жалақысын ішінара субсидиялай отырып, арнайы бағыттарды қарастырамыз. Бұл олардың зейнетке шыққанға дейін жинақтаушы зейнетақы жүйесіне барынша белсенді қатысуына мүмкіндік береді. Бұл әсіресе еңбек өтілі аз және зейнетақы қорында жинағы аз әйелдер үшін өте маңызды", - деді министр.
Қазақстанда белсенділер тобы зейнетақы жасын төмендетуді көтеруде. Бұл норманы парламент депутаттары да қолдайды. Қоғам белсенділері әйелдердің зейнеткерлік жасын 58 жасқа дейін төмендетуді талап етіп отыр.
Дереккөз: sputnik.kz