Алматыда тағы да бір бала екінші қабаттан құлады

04.08.2024 16:26

Түрлі жарақат алған қыз бала ауруханаға жатқызылды

elements.envato.com

Алматыда алты жасар бала екінші қабаттың терезесінен құлады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Оқиға бүгін, 4 тамызда таңертең Алматының Алмалы ауданында болды.

Түрлі жарақат алған қыз бала ауруханаға жатқызылды.

Төтенше жағдайлар министрлігі ескерту жасады:

Кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз;

Москит торлары құлаудан қорғамайды;

Балаларға ересектерсіз балконға шығуға рұқсат бермеңіз.

Оқи отырыңыз:Періштесі қақты: тағы бір сәби терезеден құлады