|
11.12.2019 | 11:26
1244

ЖОО білім беру бағдарламаларының 73%-ы жұмыс берушілердің сұранысына сай келмейді

«Шетелдік филология», «Стоматология», «Кеден ісі» түлектері жұмыс іздеуге 5 айдан астам уақыт жұмсайды екен

ЖОО білім беру бағдарламаларының 73%-ы жұмыс берушілердің сұранысына сай келмейді

Бұл көрсеткіш «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүргізген тәуелсіз бағалау кезінде анықталған. Рейтинг 17 талап бойынша жүргізілген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Атап айтар болсақ, еңбекпен қамтылған түлектердің пайыздық көрсеткіші, олардың орташа айлық еңбекақысы, оқуды тәмамдаған соң жұмыс іздеу ұзақтығы секілді критерийлер ескерілген. Күректей диплом алған «Шетелдік филология», «Стоматология», «Кеден ісі» мамандықтарының түлектері жұмыс іздеуге 5 айдан астам уақыт жұмсайды екен. «Атамекен» мұндай тенденциямен күрес ретінде әкімшілік әдісті ұсынып отыр. Яғни оқу орындары болашақ жұмыссыздарды дайындамауы үшін олардың лицензияларын қайтарып алу қажет деп санайды. Сонымен қатар Рейтинг нәтижесі мемлекеттік білім беру гранттарын бөлу кезінде ескерелуі тиіс. «Атамекен» мамандарының айтуынша, нашар мамандарды даярлайтын жоғары оқу орнына мемлекеттік қаражат бөлінбеуі керек.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир